Ибраева (Өміралиева) Жанар Құлматқызы 1973 жылы 07.09. Алматы қаласында дүниеге келген. 1995 ж. әл-Фараби ат. ҚазМУ филология факультетін (үздік) бітіріп, жалпы тіл білімі кафедрасының аспирантурасына түсті. 1999 жылы "Соматизмдері бар конвенционалды фразеологизмдердің ұлттық- мәдени ерекшелігі" атты кандидаттық диссертациясын қорғады (ғылыми жетекшісі ф.ғ.д. Н.Ж. Шаймерденова). 2006 жылы доцент атағын алады. 2010 жылы "Саяси лингвистика: қос тілді коммуникативтік кеңістік" тақырыбында докторлық диссертация қорғады (ғылыми кеңесші ф. ғ. д., проф. Н. Ж. Шаймерденова), 2020 жылы "Шетел тілі" мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесін алды. Зерттеу салалары: психолингвистика, саяси лингвистика, мәдениетаралық коммуникация. 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, олардың ішінде: "Бейвербалды коммуникация: ұлттық-мәдени ерекшелігі" (2001), "Психолингвистика негіздері" (2009), «Язык политики и политика языка: к обоснованию политической лингвистики» (2010), «Динамика языковой ситуации» (ұжымдық монграфия, 2010), "Психолингвистика а және нейролингвистика терминдерінің орысша - ағылшынша - қазақша оқу сөздігі (2023). ККСОН, Scopus ғылыми басылымдардағы мақалалары, халықаралық конференциялар материалдары (АҚШ, Финляндия, Германия, Испания, РФ және т.б.). 2002 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істейді. Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығының қазақстандық қауымдастығының мүшесі (2002 ж.бастап), талантты жас ғалымдарға арналған ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты (2006 ж.), "Лингвистика" мамандығының мемлекеттік стандартының авторлық ұжымының мүшесі (2008 ж.), Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (2016-2018), Диссертациялық кеңестің төрағасы ("Лингвистика", "Филология" (2019-2024), "ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы" ғылыми журналының жауапты хатшысы (2020-2021), "Лингвистика" ББ үйлестірушісі, РУМС мүшесі, Республикалық ғылыми жобалар байқауының қазылар алқасының мүшесі (2015-2020), ҚР БҒМ" Үздік оқытушы-2015"; ҚР БҒМ ғылыми жобаларының жетекшісі және қатысушысы (2015-2017), "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл" университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медалімен (2016 ж.), ҚР Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін" білім берудің құрметті қызметкері "төсбелгісімен (2019 ж.), ҚазҰУ-дың" ерен еңбегі үшін " медалімен марапатталған (2021).


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1995

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
06.12.1999
Доктор
13.01.2012

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
06.03.2006
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
ҚР білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін" белгісі
Қызығушылығы